Елордада халықаралық «Жан шуақ» сыйлығы табысталды. «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткен шарада арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда мәдениет, спорт, білім мен кәсіпкерлік саласында жетістікке жеткен жандар 7 аталым бойынша марапатталды. Мақсат - әлеуметтік кедергілерді жою мен ерекше қажеттілігі бар адамдардың проблемасына қоғамның назарын аудару. Ресми дерек бойынша елімізде мүгедектігі бар 700-ден астам адам өмір сүреді, олардың 25 пайызға жуығы жұмыспен қамтылған. Ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 30 пайызға жеткізу жоспарда бар.
Гүлмира Пармышева, әлеуметтік кәсіпкер:
Қарапайым анамын, осыдан 2,5 жыл бұрын үй жағдайында баламның дамуы үшін ойыншықтар шығарып, соның нәтижесін көріп жатырмын. Қазір Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде жоғары бағаланып отырған ойыншықтар шығарып отырмыз. Бұл - аналогы жоқ ойыншықтар.