Ресейдің қарсылығына қарамастан, АҚШ Қара теңізге әскери кемелерін жіберіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің қарсылығына қарамастан, АҚШ Қара теңізге әскери кемелерін жіберіп жатыр

04.11.2021

Ресейдің қарсылығына қарамастан, АҚШ-тың алтыншы флотының флагманы Босфор бұғазынан өтіп, Қара теңізге бағыт алды. Әскери кеме НАТО-ның маневрларына қатысу үшін Еуропаға жол тартып отыр. Пентагон өткен аптада да патруль жүргізу мақсатында Қара теңізге эсминец жөнелтті. Солтүстікатлантикалық альянс өкілдерінің мәлімдеуінше, НАТО қазір өзінің Ресейге жақын орналасқан мүше-елдерінің қауіпсіздігін нығайтып жатыр. Бұған ашынған Ресейдің Қара теңіз флоты таяуда жаудың нысандарын жою тәжірибесінен өтіп, әуе қорғанысы жүйесінің белсенділігін арттырғанын ескертіп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу