Ресейдің бірнеше өңірінде локдаун ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің бірнеше өңірінде локдаун ұзартылды

04.11.2021

Ресейдің кей өңірлерінде 7 қарашаға дейін жарияланған локдаун ұзартылды. Өйткені эпидахуал күннен-күнге нашарлап барады.

Өткен тәулікте коронавирустан 1 189 адам қайтыс болды. Бұл - жаңа антирекорд. 

Индира Бегайдар, тілші:

Кей өңірде локдаун жаңа жылға дейін жалғасады. Күн сайын елде 40 мыңдай адам вирус жұқтырып жатыр. ЖОО ақпан айына дейін қашықтан оқытатын болды. Жақында енгізілген локдаун эпидахуалға айтарлықтай әсер ете қойған жоқ. Ресейліктердің көбі демалыс күндерін пайдаланып, шетел асқан. Мамандар бұл эпидахуалға кері әсер етіп отырғанын айтады. Ал онкүндік шектеу кәсіпкерлерге әлден 60 млрд рубль шығын әкелген.

Игорь Бухаров, мейрамхана мен қонақ үй басшылары федерациясының президенті:

Демалыс жаряланған соң адамдар бір-біріне қонаққа барып, керісінше, корнавирусты жұқтырып жатыр, дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалады. Бүгін түрлі бизнес иелерінің 30 пайызы кәсібінен айырылды. Екі аптаның өзі үлкен шығынға ұшырадық. 2020 жылдың қарызы өтелмей жатып, оған 2021 жылдың қарызы қосылды.

Бүгінде инфекция жұқтырғандардың ішінде балалар көп. Тек Мәскеуде бір күнде бір мыңнан астам баладан ковид анықталған. Оларды вакциналау алдағы жылдың қаңтар айында басталуы мүмкін. Кей өңірлерде екпе жетіспеушілігі байқалады. Ресей парламентінде вакциналауға қарсы үгіт жүргізгендердің әрекетін экстремизмге пара-пар қылмыс деп тану ұсынысы жасалды.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу