Мысыр президенті үкіметке жаңа астанаға көшуге бұйрық берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысыр президенті үкіметке жаңа астанаға көшуге бұйрық берді

04.11.2021

Мысырдағы ресми кеңселер келесі айдан бастап шөл далада салынып жатқан жаңа астанаға көшіруі тиіс. Ел президенті өз үкіметіне осылай деп бұйрық берді. Ірі әкімшілік орталық Каирден шығысқа қарай 45 шақырым жерде орналасқан. Шахардың құрылысына 45 миллиард доллар жұмсалады деп жоспарланған. Онда шамамен 6 жарым миллиондай адам тұрады. Мемлекет басшысының сөзінше, Каир халқының саны 2050 жылы қазіргіден екі есеге көбейіп, 40 миллионға жетеді. Сондықтан, елге жаңа қала керек. Ал, сыншылар оған жұмсалатын қаражатты экономиканы қалпына келтіруге және Каирді жаңартуға берген тиімді еді деген пікірде.


Хабарламаларға жазылу