Орталық Азия елдері ортақ мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдері ортақ мәлімдеме жасады

04.11.2021

Глазгода өтіп жатқан климаттық өзгерістер бойынша халықаралық конференцияда Орталық Азия елдері тұңғыш рет ортақ мәлімдеме жасады. Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрайымы Әлия Назарбаева Орта Азия мемлекеттерін климатты сақтау үшін бірлесе әрекет етуге шақырды. Жалпы бұл аймақтағы елдер экология және климаттық өзгерістер мәселелері бойынша бірігуге мүдделі. Мақсатқа жету үшін «жасыл» инвестициялық жобаларға назар аудары маңызды. Әлеуеті зор жаңа технологияларды тартып, аймақтық диалогты күшейту қажеттігі де айтылды.

Зафар Махмудов, Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының атқарушы директоры:

Конференцияның 26 жылдық тарихында аймақтар бірінші рет бірігіп, ортақ мәлімдеме жасап отыр. Бұл алғашқы қадам екенін ескеруіміз керек. Егер бірлесіп әрекет етуді жалғастырсақ, болашақта маңызды шешімдерді қабылдауға болады.


Хабарламаларға жазылу