Корея республикасында Орталық Азия елдері Парламент спикерлерінің кеңесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Корея республикасында Орталық Азия елдері Парламент спикерлерінің кеңесі өтті

19.09.2023

Корея республикасында Орталық Азия елдері Парламент спикерлерінің кеңесі өтті. Оған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат қатысты.

Саммит Орталық Азия елдері мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, әріптестік байланысты арттыруға арналды. Қазақстан бұл бағытта қауіпсіздік және экологиялық мәселелерге назар аударып отыр. Трансшекаралық өзендерде жылдан жылға су деңгейі түсіп, Арал теңізіндегі экологиялық апат Орталық Азияны қойып, әлемге кері әсерін тигізіп жатыр. Төраға экологиялық ахуалды жақсартуда корейлік жетекші мамандардың тәжірибесін қолдануға шақырды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы онжылдық Орталық Азия өңірі үшін маңызды кезеңге айналады деп санайды. Бұл ретте бізге өз экономикалық мүмкіндіктерімізді, ортақ әлеуетімізді барынша пайдалану өте маңызды. Ынтымақтастығымыздың өзекті мәселелері қатарында климаттың өзгеруіне қарсы күрес, қоршаған орта мен биоалуантүрлілікті сақтау, су ресурстарын, соның ішінде трансшекаралық ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау болуы тиіс.


Хабарламаларға жазылу