Соңғы екі айда коронавирус жұқтыру деңгейі 2,8 пайызға, өлім көрсеткіші 4 есеге төмендеді. Бұл эпид ахуалдың тұрақталғанын байқатады. Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов дәл қазір өтіп жатқан Үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді. Жиында қаралған екінші мәселе – экологиялық проблемаларды реттеу тақырыбы. Отырыста тағы қандай мәселелер талқыға салынғаны туралы келесі шығарылымда тоқталамыз.
Сондай-ақ қазір Сенат отырысы өтіп жатыр. Күн тәртібінде бірнеше сұрақ бар. Ең негізгісі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсарту. Депутаттар заңның ашықтығы арттырмақ ниетте. Толығырақ алдағы шығарылымдарда тарқататын боламыз.