Жанар-жағармай бағасы тағы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанар-жағармай бағасы тағы қымбаттады

03.11.2021

Елде жанар-жағармай тағы қымбаттады. Алматыдағы бекеттерде өткен аптада АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 179 теңгеге дейін өскен. Бәсекелесті қорғау және дамыту агенттігі жанармайдың КСМ 3 теңгеден 8 теңгеге дейін шарықтағанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда АИ-92 бензинінің литрі 173-179 теңге, Қарағандыда 176-180 теңгеден саудаланып жатыр. Әзірге жанармай тек Атырау облысында арзан. Литрі 166 теңге шамасында.  

Хабарламаларға жазылу