Елорда тұрғыны жалған ақшаны ұтыс ойындарына тігіп келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда тұрғыны жалған ақшаны ұтыс ойындарына тігіп келген

03.11.2021

Елордада 7 мың доллардан  астам  жалған ақша тәркіленді. Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған ақшаны сатпақ болған ер адамды ұстаған. Тергеу кезінде оның бірнеше рет құмар ойындарға қатысып, жалған ақшамен бәс тігіп жүргені де анықталды. Сондай-ақ, пысықайдың екі сыбайласы қолға түсті. Тінту кезінде олардың әрқайсысының үйінен 6-7 мың АҚШ доллары көлемінде жалған купюралар табылды. Қазір үш күдікті 2 айға қамауға алынған. Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Хабарламаларға жазылу