Қазақстанда лотерея ойнату қаншалықты заңды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда лотерея ойнату қаншалықты заңды?

07.12.2019
Қазақстанда лотерея ойнату қаншалықты заңды?

Лотореяның бәрі заңсыз деуден аулақпыз, оларды реттейтін, тентегін тезге салатын Заң бар бізде. Ол — ол ма, ойынқұмарларға ой салуға тырысатын 10 бөлімнен тұратын ереже мен қағида және жасалыпты. Көз салсаң сөз айтуға тура келеді. Мәселен, мына үшінші бөлімі. «Ұтысты «сыйлықақы» ретінде, ал ұтылысты киноға бару сияқты ойын-сауықтың «құны» деп қарастырыңыз»,- дейді. Қу құлқын үшін құмардың артынан кетіп барынан айрылған адамға «өзіңді киноға барғандай сезін десең» арадағы әңгіменің арты боевик жанрымен аяқталатыны анық қой. Өйткені азарт пен азаптың арасы бір адым. Оған басымен кеткендерді аяғынан сүйреп шығару қиынның қиыны.

Өткен жылы Қызылжар қаласының тұрғыны лотореядан 39 586 200 теңге ұтып алған. Аты-жөнін ешкім айтпайды, әйтпесе сол ақшаны не істедің деп сұрап білгіміз келген. Өйткені Қызылжардың 49 жасар миллионері үш күн бойы байланысқа шықпаған, тіпті өзінің ұтыс ұтқанын ұйымдастырушылар хабарлап айтпағанда сұрап білу ойына да келмеген. Әне керек болса. Осындай ұтыс ойындарынан түскен ақшаны бақылау үшін бізде электронды ойын автоматы енгізілді. Бастысы одан түскен қаржының 15 пайызы Қазақстандағы спортты дамытуға жұмсалмақ. Қу бастан қуырдақтың етін алатындар жер басып жүргенде жұртты алдаудың аяқтала қоймайтыны бесенеден белгілі. Біздің міндет лотореяның заңды-заңсыз екенін ағайынның ажыратуына мүмкіндік жасау.

Назым ҚАЙРАТ


Хабарламаларға жазылу