Қазақстанда ең ірі қаржы пирамидасын құрғандар ісі сотқа жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ең ірі қаржы пирамидасын құрғандар ісі сотқа жіберілді

01.11.2021

Қазақстанда ең ірі қаржы пирамидасын құрғандардың ісі сотқа берілді. QUESTRA WORLD компаниясына 2016-2017 жылдары еліміз бойынша мыңдаған адам алданып қалды. Испания, Кабо-Верде және Ресей азаматтары құрған қаржы пирамидасының еліміздегі аумақтық филиалдарын қазақстандықтар да басқарған.

Компания инвестиция салып, қыруар табыс табуды ұсынған. Жеңіл жолмен ақша табуды армандағандар осы жарнамаға сеніп, қолда бар қаражатын алаяқтарға беріп қойған. Келген шығынның жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асады. Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс бойынша 4 адамды жауапқа тартқан. Олардың ішінде Беларусьтан экстрадицияланған Ресей азаматы бар.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:

Пирамида басшылары салынған соманың 336 пайызына дейін табыс табуға кепілдік беріп, салымшыларға виртуалды валюта арқылы құны 90-нан 500 мың еуроға дейінгі ойдан шығарылған инвестициялық портфельдер сатып алуды ұсынған. Алайда тартылған қаражат кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмаған. Бір қатысушыларды жаңа жаңа салымшылардың жарналары есебінен байыта отырып, қаржыны өз ара қайта бөліп отырған.


Хабарламаларға жазылу