Президенттік кадрлық резервке тек 50 үміткер алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік кадрлық резервке тек 50 үміткер алынады

01.11.2021

Президенттік жастар кадрлық резервке іріктеудің төртінші кезеңі жүріп жатыр. Бұл кезеңге 8638 адам өткен. Солардың ішінен алғашқы сәтте талапқа сай делінген 250 адам іріктеліп алынды.

Кәсіби тұрғыда өсуді көздеген үміткерлер үшін қазір құзіретті бағалау кезеңі жүргізілуде. Яғни олардың мінез-құлқын арнайы білікті сарапшылар бақылауда. Бағалау бойынша келесі кезең сұхбатқа ең жақсы нәтиже көрсеткен 125 жуық үміткер өтеді. Ал іріктеудің ең соңғы қорытындысы бойынша резервке тек 50 үміткер алынады.


Хабарламаларға жазылу