Семейде 14 студент бұрыш балонынан уланып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде 14 студент бұрыш балонынан уланып қалды

01.11.2021

Семейде колледж студентінің тәртіпсіздігінен 14 адам зардап шекті. Қаладағы Электротехникалық колледж жатақханасында студенттердің бірі бұрыш балонын сепкен. Салдарынан тынысы тарылып, көздері ашыған студенттер жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, 8 студент жансақтау бөлімінен бірақ шыққан.

Аэрозольді шашқан 4 курс студенті екені анықталды. Оның әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазір оған қатысты «тәртіпсіздік» бабы бойынша іс қозғалды. Бұзақы оқудан шығарылуы мүмкін.

Сондай-ақ, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен тағы бірнеше қызметкерге сөгіс жарияланбақ. Дәрігер көмегіне жүгінген 14 студент ауруханадан шықты.


Хабарламаларға жазылу