Батыс Қазақстанда «Тойота» жеңіл көлігі жүк көлігіне соғысып, 31 жастағы жүргізуші қаза тапты. Апаттан кейін көлікте ес-түссіз жатқан 16 және 12 жастағы екі балаға операция жасалды. Қазір жағдайлары ауыр дейді дәрігерлер. Оқиға Орал-Кирсанов тасжолында болған. Жүргізуші алдындағы көлікті басып озбақ болғанда апатқа ұшыраған.