Интернетте қазақ тілді контентті дамыту қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интернетте қазақ тілді контентті дамыту қажет

29.10.2021

Интернеттегі қазақ тілді контентті дамыту керек. Экран тәрбие құралы десек бұл өскелең ұрпақ үшін маңызды. Жуырда Президент танымдық дүниелерді әлеуметтік желі арқылы дамыту тапсырған еді. Қандай жұмыстар атқарылды. Келесі сюжетте.

Телефон мен теледидарға телмірген уақыт. Қазіргі - тәрбие құралы осы. Саржановтар отбасында да солай. Бірақ, балалар өзге тілдегі бейнероликтер мен мультфильмдерді көруге ынтық. Ата-ананың көңілі алаң. Ана тілі шала тілге айнала ма деп қорқады.
Арайлым Кабажаева, қала тұрғыны: 
Әртүрлі эксперименттермен ғылыми жобаларды көріп жатады ұлым. Бірақ, қазақша емес. Жалпы қазақша мағлұмат іздесеңде, мен өзім мұғаліммін қазақша ақпараттар жоқтың қасы. Орысша тауып аласың, ықшамдап келтіресің.
Сандық саланың қадамы ілгері. Әлеуметтік желі әркімге қолжетімді. Ғаламтор қарыштап дамып жатыр. Бесіктегі баланың өзі телефон көруге құмар. Бірақ, қазақ тілінде қызықтыратыны аз деп отыр мамандар.

Дегенмен бұл мәселе көлеңкеде қалған жоқ. Мемлекет тарапынан қазақ тілді контентті дамыту үшін ауқымды жұмыстарды қолға алынған. Мәселен, Қазақ тілді БАҚ қатары жылдан-жылға өсуде.

Қазір мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының 78 пайызы қазақ тілінде сөйлейді. Бұл бес жыл бұрыңғы көрсеткіштен 20 пайызға көп.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу