2025 жылға дейін интернетпен қамту 95 пайызға жетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2025 жылға дейін интернетпен қамту 95 пайызға жетеді

29.10.2021

Цифрландыру вице-министрлері кей жағдайларда өздеріне тікелей тапсырылған міндетпен айналыспайды. Керісінше, серверлер мен компьютерлік техникаларды сатып алу және сатып алуға қажетті деректер мен құжаттар тізімін жасап әуре болады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осы мәселені кеңірек түсіндірді.

Министрдің айтуынша, әр министрліктегі жауапты вице-министрлер ведмоствадағы интернет жылдамдығы, компьютерлердің сапасымен емес, нақты саланы цифрлық трансформациялаумен айналысу тиіс. Ал интернет жылдамдығына келер болсақ, елімізде 2025 жылға дейін ғаламтор желісінің ену деңгейін 91-ден 95 пайызға жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетуді 9 күннен 5 минутқа дейін қысқарту сынды межелі міндеттер тұр.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Ұлттық жобаны іске асыру үшін 2,2 трлн теңге мөлшерінде қаражат жұмсалатын болады. Оның ішінде 1,4 мем бюджеттен 800 млрд теңге жеке инвестициялар ретінде тартылатын болады.


Хабарламаларға жазылу