Алматыда тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты

29.10.2021

Алматыда жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты. Оқиға Кеңсай ықшамаудандағы саяжайда болған. Қалалық төтеншеліктердің мәліметінше, өртті сөндіру барысында 47 жастағы ер адам мен 51 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Марқұмдардың көршісі Бақытжан Қағазбеков есімді азамат қою түтін мен қызыл жалынға қарамай, үйге кіріп, 62 жастағы тұрғынды құтқарып қалған. Тілсіз жау 40 шаршы метр аумақты қамтыған. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Хабарламаларға жазылу