Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

28.10.2021

Еуразиялық даму банкі алдағы 5 жылда Қазақстанға 3 миллиард 800 млн доллар инвестиция салуға ниетті. Бұл жөнінде қаржы ұйымының басқарма төрағасы Президентпен кездесу кезінде айтты. Николай Подгузов мемлекет басшысына Еуразиялық даму банкінің 2022-2026 жылдарға арналған Стратегиясының негізгі бағыттарымен танысырды. Банк «Солтүстік – Оңтүстік», «Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәліздерін ашуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға, бірыңғай тауар өткізу желілерін құруға және Орталық Азия су-энергетикалық кешенін жаңғыртуға көмектесуді жоспарлап отыр. Бұл жобаларға 1 миллиард 200 млн доллар көлемінде инвестиция құймақ. Мемлекет басшысы банктің интеграциялық үдерістерді дамытудағы белсенді рөлін атап өтті.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу