Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өзен суларын пайдалану мен қорғау бойынша комиссия отырысы өтуде. Қос тарап трансшекаралық өзендерде қордаланған мәселелерді шешу үшін арнайы жол картасын әзірлеуге кіріскен. Өйткені, соңғы жылдары құрғақшылықтың салдарынан қос елде де су тапшылығы сезілуде. Сондықтан, өзендердегі су ағындарын реттеуге екі ел де мүдделі болып отыр. Мәселең, бұрындары су деңгейі алты метрден түспейтін Жайықтың деңгейі 2019 жылы 240 сантиметрге дейін түскен. Дабыл қағарлық мәселені зерделеуге кіріскен мамандар жинақталған материалдарды ортаға салып зерттеуде. Енді, Жайық өзеніндегі жағдайды жақсарту үшін нақты шаралар қабылданбақ.
Вадим Никанаров, РФ су ресурстары федеральді агенттігі басшысының орынбасары:Қазақстан мен Ресей шекарасы аумағынан алты ірі өзен ағып өтеді. Қазір арнайы келісімге негізінде алты жұмыс тобынан тұратын бірлескен комиссия құрылып, жұмыс істеуде. Мәселелелер баршылық, Жайық өзенімен бірге Ресей аумағындағы Еділ өзенінде де жағдай мәз емес, сондықтан коммисия отырысында ортақ мәселелер оң шешімін табады деп үміттенемін.
Сәбит Әлдебай