Америкалық генерал Қытайдың гипердыбысты зымыран сынағанын растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалық генерал Қытайдың гипердыбысты зымыран сынағанын растады

28.10.2021
Америкалық генерал Қытайдың гипердыбысты зымыран сынағанын растады

Америкалық генерал Марк Милли Қытайдың гипепрдыбысты зымыран сынағанын растады. «Бұл ракетаның тәжірибеден өтуі маңызды оқиға болғанымен, бізді алаңдатып отыр», - дейді. Милли. Дегенмен Бейжің бұл мәліметті жоққа шығарып отыр. Әскери сарапшылардың сөзінше, гипердыбысты қару АҚШ-тың әуе қорғаныс жүйесіне екі жолмен төтеп бере алады. 

Біріншіден, ол сағатына 6200 шақырым жылдамдықпен немесе дауыстың жылдамдығынан 5 есе тез ұшып, өзін құлатуға мүмкіндік бермейді. Екіншіден, мұндай ракета қас-қағым сәтте Жер орбитасына жетіп, жердегі нысандарға соққы бере алады. Ал құрлықаралық баллистикалық зымырандардың оны құлатуға мүмкіндігі жоқ екен.


Хабарламаларға жазылу