Педагогтарға ұлттық тәрбие мен дәстүрді дәріптейтін материалдар әзірленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Педагогтарға ұлттық тәрбие мен дәстүрді дәріптейтін материалдар әзірленіп жатыр

29.10.2021

Ұлттық тәрбиені ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында педагогтарға әдістемелік материалдар әзірленіп жатыр. Театрлық қойылым, зияткерлік квест, үстел үсті ойындары – ұлттық кодты сақтауға сеп. Аталған шаралардың бәрі салт-дәстүрді дәріптеуге негізделген. Бұл көмекші құрал ретінде білім беру ұйымдары мен әлеуметтік институттарға ұсынылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осы бағыттарға басымдық беріліп отыр. Сондай-ақ, ақпараттық технология тілін де тәрбиеге бұрудың маңызы зор, дейді.

Думан Жәмпейісов, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Жобалар орталығы басқармасының басшысы: 
Ютуб арнасында, Тик-Ток әлеуметтік желісінде де жастардың, балалардың танымдық, тәрбиелік маңызы бар жұмыстар қолға алынуда. Яғни қысқа нұсқа. Әлемдік трендтерді де біз ескеруіміз керек.


Хабарламаларға жазылу