Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл

28.10.2021

Биыл Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаев осы датаны мерекелеу аясында Ұлытауды халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы етіп, Жошы ханның есімін ұлықтауды қолға алуды тапсырған. «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда». Осы тақырыпты арқау еткен Атырауда халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады.

Айтулы шараға Еуропа, Америка, Түркия, Жапония, Ресей, Украинадан ғалым, археолог, ақын-жазушылар қатысады. Кеше қонақтар Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Алтын Ордадан –Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дейінгі тарихи кезеңді қамтитын «Айбыны асқан Алтын Орда» атты әдеби-театрландырылған қойылымды тамашалады. Қойылымда Алтын орданың құрылуынан бастап, империяға айналуына дейінгі аралық шебер суреттелген.

Әлия Дәулетбаева, "Айбыны асқан Алтын Орда" қойылымының сценарий авторы:

Біз мұнда не көрсеткіміз келді: мына Еділ-Жайықтың арасын алып жатқан жалпы Еуразияға Дешті Қыпшақ келіп, үлкен империя орнатқан. Жошының қай ұрпағының империя құрудағы рөлі маңызды болды, соны айтқымыз келді. 



Хабарламаларға жазылу