Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл

28.10.2021

Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл. Осы мерейлі дата қарсаңында Атырау қаласында үш күндік халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Түркия, АҚШ, Жапония, Украина, Ресей және Қазақстан ғалымдары Дала Риміне баланған Алтын Орданың тарихы, тағылымы турасында сөз қозғады. Отырыста Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым Жомар Тоқаевтың құттықтау сөзін оқып берді. Оның мәні сақ, ғұн, түркілерден бастау алып, Алтын Ордаға ұласып, Керей мен Жәнібек хандардың Шу алабында Қазақ хандығын құрып, байрағын көтеруімен аяқталды дегенге келіп саяды.

Дәурен Абаев, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірініші орынбасары:

Бұл алқалы жиын еліміздің 30 жылдық мерейіне орай өткізілуде. Алтын орда тарихы қазіргі қазақ мемлекеттілігінің жылнамасымен тығыз байланысты. Әйгілі Жошы хан кесенесімен Сарайшық қаласының Қазақстан аумағында орналасуы осының айқын дәлелі.


Хабарламаларға жазылу