Криптомайнинг ел экономикасына жылына 98 млрд теңге табыс әкеледі. Блокчейн және дата-орталықтар индустриясы қауымдастығының президенті осылай дейді. Алан Дорджиевтың айтуынша, қазір KEGOC электр энергиясын тасымалдау арқылы жылына 13 млрд теңге табады. Ал электроэнергия тапшылығын жою үшін қауымдастық көлеңкелі бизнеске кеткен компаниялармен күресу қажет дейді. Сонымен бірге электр энергиясын тұтынатын майнинг фермалары 1 КВт/сағ үшін 1 теңге салық төлеуге міндеттелген.
Ақерке Бектас