Қарағандыда ковидке қарсы ревакцинация қараша айында басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда ковидке қарсы ревакцинация қараша айында басталады

27.10.2021

Қарағандыда ковидке қарсы ревакцинация қараша айының үшінші онкүндігінде басталады. Емшара коронавирусқа қарсы екпенің екі дозасын алғандарға арналған. Тәртіпке сай, тұрғын бұған дейін салдырған екпені емес, басқа маркалы вакцинаның бір дозасын алуы тиіс.Мәселен, бұрын «Спутник-V» сияқты векторлық вакцинаны алғандар Vero Cell сияқты аса белсенді емес препаратты салдырғаны жөн, дейді мамандар. Әрі алғашқы вакцинаның екінші дозасын алған күннен кейін 9 ай өтуі керек. Алдымен медициналық ұйым қызметкерлері, тәртіп сақшылары, мүмкіндігі шектеулі адамдар, диспансерлік есепте тұрғандар қамтылады.

Айжан Иманова, жұқпалы аурулар дәрігері:
Бұл екпенің қаншалықты маңызды екенін айтар болсақ, аурудың 80 процентінде науқастарда жеңіл түрде өтеді. Сондай-ақ, індеттің алдын-алу мақсатында қолданылады. Антиденелердің пайда болуы, сол организмнің ауруға қарсы иммунитеті пайда болуы керек қой біздерге. Халықтың осы екпеге атсалысуын қалаймыз.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу