Алматыда құрылыс жүргізудің жаңа ережелері мегаполистің сәулеттік келбетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді. Оған сәйкес қала аумағындағы ғимараттар мен құрылыс қасбеттері эстетикалық талаптарға сәйкес болуы қажет. Сондай-ақ құрылыс компаниялары биіктік регламентін сақтауға міндеттелді.
Ережелер қаланы жайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталған. Тағы бір талап - тұрғын үй кешеніне балабақша, мектеп, емхана қолжетімді болуы тиіс. Яғни жаңа құрылыс ережелері толық әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді көздейді.
Жанат Айтілеу, «Алматы бас жоспары» ҒЗИ шеберхана басшысы:
Құрылыстың нормалары бар. Мысалы, мектеп, балабақша болса, жаяу жүргенде 500 метрден артық болмауы керек. Оқушылар жаяу барып, жаяу келуі тиіс. Сондай ережелер осы қағидада көрсетілген. Құрылыс салушылар жобаларын осы қағидаға сәйкес дайындап жатыр.