«Nur Otan» партиясының сайлауалды уәделері қалай орындалып жатыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясының сайлауалды уәделері қалай орындалып жатыр?

14.10.2021

 «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Маңғыстау облысында сайлауалды уәделердің орындалу барысымен танысты. Өңірде 2025 жылға дейін, мектеп, балабақша салу секілді 800-ден астам іс-шара жоспарланған. Олар қалай іске асып жатыр? Сюжеттен көріңіз.

«Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасы Маңғыстау өңірінде қарқынды іске асып жатыр. Облыста 9 айда 800 мың шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтерді. 28 мектеп салынып, 18 балабақша ашылды. Бұл 22 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер 100 пайыз балабақшамен қамтылмақ. Әрі кезекке қою тәртін толықтай цифрландыру көзделген.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Қасым-Жомарт Кемелұлы осы бағдарламаны жариялады. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталады. Партия тарапынан біз айқын мақсаттар мен нақты істердің партиясы болғандықтан ғимараттар, балабақша, мектеп салу жайлы нақты айттық. Өңірдің өзінде 89 балабақша ашылуы керек 4 жылдың ішінде және 81 мектеп.

Бұдан кейін Ақшұқыр ауылында Бауыржан Байбек «Сүлеймен» жаңа спорт кешенін аралады. Кешенде жастар үшін күрес, дзюдо, каратэ, көркем гимнастика, жүзу секілді спорт түрлері қолжетімді. Жалпы партияның сайлауалды бағдарламасы аясында ел бойынша 127 мыңнан астам спорт секциясы ашылып, 22 мыңнан астам балалар үйірмелерінің жұмысы қайта жанданған. Ал жаттықтырушылардың жалақысы 1,5 есе өсті.

Енді маңызды шаруаларды облыс әкімі ширата түсуі тиіс. Нұрлан Ноғаев «Nur Otan» облыстық филиалының жаңа төрағасы болып сайланды.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу