Иранда жанармай құю станцияларына кибершабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда жанармай құю станцияларына кибершабуыл жасалды

27.10.2021

Иранда жанармай құю станцияларына кибершабуыл жасалды. Әзірге хакерлердің бірде-бір тобы бұл қылмысты мойнына алған жоқ. Кибершабуыл халыққа арнайы квотамен бензин сатуды реттейтін бағдарламалық қамтамасыз етуді істен шығарды. Бұл Тегерандағы жанармай құю бекеттерінің отынсыз қалып, оларда ұзын-сонар кезектің түзілуіне әкелген.

Ирандықтардың көпшілігіне бензин сатып алу үшін мемлекеттік субсидиялар беріледі. Ал өзгелері отынды бұдан екі есе қымбат бағаға сатып алады. 


Хабарламаларға жазылу