Қараша айында жалдамалы тұрғын үй алуға өтініш қабылдау басталады. Бағдарлама жұмыс істейтін жастарға арналған. Пәтер сатып алу құқығынсыз 29 жасқа дейінгі азаматтарға беріледі. Тұрғын үйді жалдау ақысы 5 мыңнан 15 мың теңгеге дейін. Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, баспана жастарға тек 5 жылға беріледі. Бағдарламаға 2 жылдан бері елордада тұратын, соңғы алты айда жалақысы 116 680 теңгеден кем болмайтын, тұрғын үйі жоқ жастар қатыса алады. Қажетті құжаттар тізімі тұрғын үй қорының ресми сайтында жарияланды.
Ақерке Бектас