АҚШ-тың Айдахо штатындағы сауда орталығында атыс болып, 2 адам қаза тауып, төртеуі жараланды. Зардап шеккендердің ішінде полицияның бір қызметкері бар. Қантөгісті жасаған күдікті тұтқындалды.
Осында жұмыс істейтін сатушылардың бірі Джой Бернал жергілікті газет тілшісіне айтқандай, шабуыл кезінде 7-8 рет оқ атылған.
Әзірге шабуылшының аты-жөні жарияланбай отыр. Сонымен қатар, құрбандардың кім екені туралы мәлімет таратылған жоқ.