Орал тұрғынына қоқан-лоқы көрсетіп, ақша бопсалаған екі ер адам ұсталды. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының полиция бөліміне біреулердің 2 миллион теңге ақша бопсалап, күш көрсеткені жайында арыз келіп түскен.
Күдіктілер ақшаны алу сәтінде қолға түсті. Орал қаласындағы автокешендердің бірінде өткен арнайы операция видеоға түсіп қалған. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып,сотқа дейінгі тергеу шаралары жүруде.