Астананың жанында автобус жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың жанында автобус жанып кетті

04.01.2014
Астананың жанында автобус жанып кетті

«Астана-Павлодар» бағытындағы қос қабатты автобус қызыл жалынға оранды. Оқиға бүгін таңда Астанаға 5 шақырым жерде болған. Қоғамдық көліктің моторындағы ұшқын лезде жалынға айналған. Сөйтіп автобус қас-қағым сәтте өртеніп кеткен.

 
Абырой болғанда, ішіндегі 67 жолаушы дін-аман. Оларды дер кезінде келген қосымша автобус Астана автовокзалына жеткізген.
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу