Президенттік кадрлық резервке іріктеудің төртінші кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік кадрлық резервке іріктеудің төртінші кезеңі басталды

25.10.2021

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеудің төртінші кезеңі басталды. Оффлайн форматта өтіп жатқан байқауда жас көшбасшылардың стратегиялық ойлау мен ішкі ынта-жігері сыналмақ.

Еске салайық, байқауға құжаттарды қабылдау қыркүйек айында басталған. Оған 35 жасқа толмаған 8 мыңнан аса адам өтініш білдірген. Вербалды және сандық тестілеу сияқты үш кезең қортындысы бойынша 235 үміткер суырылып алға шықты.

Ал бір аптаға жалғасатын іріктеудің төртінші кезеңнен тек 100 адам өтеді. Оларды алда эксперттік және ұлттық комисиия сынап, тек 50 үміткер «А» корпусының саяси әкімшілік лауазымдарына және жетекші - «Б» корпусына тағайындалады. Резервте болу мерзімі – 3 жыл.

Ерлан Әбіл, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры:

Күнде екі ауысым болады. Оған 20-ға жуық адам шақырылып отыр. Олар 4 топқа бөлінеді. Бірінші күннің жартысында топтық жұмыс жасайды. Одан кейін әрқайсысы бөлек-бөлек аналитикалық таныстырылым тапсырмасына барып, өзінің құзіреттілігін көрсете алады.


кадрлық резерв

Хабарламаларға жазылу