Ақтауда 15 млн теңгеге қойылған пластик қызғалдақтар қирап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 15 млн теңгеге қойылған пластик қызғалдақтар қирап жатыр

25.10.2021

Ақтауда қала көшелерін абаттандыруға миллиондаған қаржы бөлінгенімен, жұмыс сапасыз істелген болып шықты. «Заманауи ағаш үй» осыдан 10 күн бұрын ғана шағын аудандардың біріне орнатылған. Бірақ әткеншектерді жерге бекіткен шынжырлар үзіліп қалған. Бұған 5 жарым млн теңге бөлінген.

Сондай-ақ осы көшенің бойында 15 млн теңге қойылған «Гүлді алаңдағы» пластиктен жасалған қызғалдақтар да қирап жатыр. Бұдан бөлек «Жұлдызды аспан» және теңіз жағасындағы әткеншектерге қалалық бюджеттен 43 млн теңге бөлініпті.

Шынар Жарымбетова, қала тұрғыны:

Мына жері үзіліп кеткен, немеремді бейқам отырғызып қойғам. Үлкен жастағы адамдар, жасөспірімдер отырады. Сол үшін әткеншекті дұрыстап жасаса деймін. Ақтауға мынадай дүниелер керек, бірақ сапалы етіп жасауын сұраймын.

Айбек Ербөлеков, Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімінің коммуналдық сектор меңгерушісі:

Қала әкімдігіне әткеншек те, гүлдер алаңы да тапсырылмаған. Мердігер мекемеге тапсырма берілді. Қайтадан қалпына келтіріп, қатайтып қояды. Ал гүлдер алаңы бойынша қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.


Ақтау қызғалдақ

Хабарламаларға жазылу