Елордада төбесіне металл конструкция құлаған әйел ауыр хәлде ауруханаға түсті. Денсаулық сақтау басқармасының мамандары зардап шеккен әйелдің дене жарақатынан бөлек миына зақым келгенін айтады. Оған жедел түрде ота жасалған. қазір №2 көпбейінді қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде ем алып жатыр.