«Арселор Миттал Теміртау» кенішінде жұмысшы жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арселор Миттал Теміртау» кенішінде жұмысшы жарақат алды

23.12.2021

Қарағандыда «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты «Шахтинская» кенішінде жұмысшы ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Жұмыс кезінде оның үстіне металл бөлшектер құлап кеткен. Салдарынан бас сүйегі жарылып, миы шайқалған. Жарақаттанған ер адамға Шахтинск қалалық ауруханасында дәрігерлік көмек көрсетіліп, Мақажанов атындағы облыстық клиниканың травмотологиялық бөліміне ауыстырылған. Дәрігерлер қазір науқастың жағдайы орташа ауыр деп отыр.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу