Қостанайда індет жұқтырғандар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда індет жұқтырғандар көбейді

22.10.2021

Қостанай облысында соңғы аптада короновирус инфекциясын жұқтырғандар көбейді. Мысалы, 15 қазанда індет 107 адамнан анықталса, өткен тәулікте олардың саны 128-ге жеткен. Екпе жұмыстары үшін 31 медицина мекемесі мен 190 жылжымалы және тұрақты стационарлар жасақталған. Күні бүгінге дейін өңірде барлығы 325 мың 278 адам вакцина алған.

Анжела Бексұлтанова, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Шамамен, облыс бойынша 18 жастан жоғары 505 мың адамға екпе салу межеленген. Бұл жұмыста арнайы оқып машықтанған 426 медицина қызметкері жүзеге асырып жатыр. Соңғы кезде короновирус инфекциясының таралу көрсеткіші қайтадан өсуіне байланысты біз тұрғындарға барлық сақтық шараларын қатаң сақтау қажет екенін ескертеміз.

Дәуренбек Әбдібек


Қостанай короновирус

Хабарламаларға жазылу