Әлемде коронавирустан 180 мыңдай медқызметкер қайтыс болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирустан 180 мыңдай медқызметкер қайтыс болған

22.10.2021

Әлемде коронавирустан 80 мыңнан 180 мыңға дейін медицина қызметкері қайтыс болған. Мұны Женевада өткен баспасөз маслихатында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.

Оның сөзінше, әлемнің дәрігерлік саласында 135 миллиондай адам жұмыс істейді. Ал 2020 жылдың қаңтарынан биылғы жылдың мамырына дейінгі аралықта СOVID-19-дан қаза тапқан медиктер туралы деректер 120 елден жиналған.

Арыстан Рысбек

коронавирус Тедрос Адханом Гебрейесус

Хабарламаларға жазылу