Теміртау қаласындағы 55/16 әскери бөлімінде сарбаз оққа ұшты. Оқиға 21 күні түнде болған.
Әскери бекетте тұрған жауынгердің қолындағы қару атылып кетіп, басын жарақаттаған. Сарбаз жедел облыстық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 20 жастағы азамат Түркістан қаласының тумасы болатын.