Алматыда коронавирус жұқтырушылардың басым көпшілігі - 20 мен 39 жас аралығындағы тұрғындар. Инфекциялықстационарларда 1 200 адам, оның ішінде 32 бала емделіп жатыр. 133 науқастың жағдайы ауыр. Осы уақытқа дейін инфекция анықталғандарда іш өту жиі байқалса, соңғы кездері есінен тану, ұмытшақтық белгілері біліне бастаған. Қаладағы сауда орындары, базарлар мен қоғамдық көлік ковид жұқтырудың ошағына айналып отыр.Осылай деген Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин әлі де босаңсымауға шақырды. Мегаполистегі әрбір бесінші науқас коронавирусты отбасы мүшелерінен жұқтырған. Сондықтан бас санитар уақытылы екпе алып, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға кеңес беріп отыр.
Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері:Отбасында жұқтырғандар 20 пайыз. Үй ішінде жұқтырып жатыр бір-біріне. Инфекция таратпау үшін бұқаралық шаралардан бас таруға кеңес беремін.
Жазира Оразқызы