Қазақстанда «Pfizer» вакцинасы салына бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда «Pfizer» вакцинасы салына бастайды

21.10.2021

Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирустың алдын алу бойынша қосымша шаралар туралы жаңа қаулыға қол қойды. Құжатта тұрғындарға вирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасын егу әдістемелік ұсынымдары бекітілген.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыстың әкімдеріне 12-18 жас аралығындағы жеткіншектер, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға вакцина салуды ұйымдастыру жүктелді. Түсіндіру жұмысына ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер тартылады.


Қазақстан Pfizer Нұр-Сұлтан Алматы Шымкент

Хабарламаларға жазылу