Семейде 300-ден астам оқушы «Pfizer» вакцинасын салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде 300-ден астам оқушы «Pfizer» вакцинасын салдырды

19.11.2021

Семейде балаларға «Pfizer» вакцинасы салына бастады. 12-17 жастағы мектеп оқушылары мен колледж студенттерін коронавирусқа қарсы иммундау ерікті түрде әрі ата-аналардың келісімі бойынша жүргізіліп жатыр. Ата-ана вакцинация процесіне қатыса алады. Әзірге қалада 300-ден астам бала індетке қарсы иммундалған. Мамандар екпе алғандардың ешқайсысында кері әсер байқалған жоқ деп отыр.

«Pfizer» созылмалы аурулары жоқ балаларға егілуде. Екпенің екінші компоненті 21-28 күннен кейін салынбақ.

Ділназ Нағимоллаева, оқушы: 
Қазіргі жағдайым жақсы. Біраз қобалжыдым. 

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу