АҚШ президенті әкімшілігі елде 5-11 жас аралығындағы балаларды коронавирусқа қарсы вакциналау жоспарын ұсынды. Бұл науқанды бастау үшін жеткіншіктерге арналған препаратты арнайы органдар құптауы тиіс.
Қазір елдің Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы «Pfizer» екпесін тексерістен өткізіп жатыр. Вакцина мақұлданса, құрама штаттардағы 28 миллион бала ковидке қарсы иммундалады. Ал бұған дейін 12-17 жастағы балаларға аталған екпені салу құпталған еді.