Бақытжан Сағынтаев метро бекеттерінің құрылысын бақылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытжан Сағынтаев метро бекеттерінің құрылысын бақылады

20.10.2021

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев метро бекеттерінің құрылысымен танысып, жұмысты жеделдетуді тапсырды. Сарыарқа және Момышұлы станциялары іске қосылса, жолаушылар ағыны күніне 86 мың адамға жетеді деп жоспарланған. Шаһар басшысы жолайырықтар құрылысын да бақылады. Жыл соңына дейін Құлжа тас жолы бойындағы көпір пайдалануға беріледі. Рысқұлов-Емцов көшелері қиылысындағы жолайырық пен Абай даңғылындағы құрылыс аяқталуға жақын.

Хабарламаларға жазылу