Ақсу сүт фабрикасының қолаңса иісіне тұрғындар наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсу сүт фабрикасының қолаңса иісіне тұрғындар наразы

21.10.2021

Жағымсыз иістен мезі болған Павлодардың іргесіндегі шағын шаһар-Ақсу тұрғындары Жоғары сот төрағасының атына хат жазып, қол жинап жатыр. Біріккен Ұлттар ұйымының адам құқықтары жөніндегі кеңесіне де жүгінбек. Себебі, тауарлы сүт фермасы қала аумағындағы бұрынғы автобаза ішінен салынған. Қазір бұнда 1200 сиыр бар. Жел батыстан соқса болды қаланы қолаңса иіс алып кетеді-дейді тұрғындар.

Серік Мақшаров, Ақсу қаласының тұрғыны:
Камзина 4,10,8 олар тіптен тұншығып отыр. Мына жердегі Камзин 5-гі үйлерде тұншығып отыр. Біздің өзіміздің қаланың ішінде, облыстың ішінде ол шешілмейтін нәрсе. Дұрыс айтады ол жердің тұрғындары.


Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу