Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында алапат су тасқынынан қаза тапқандар саны 46-ға жетті. Сонымен қатар, үйлер мен жолдарды су шайған. Көпірлер қирап, бірталай мал қырылған. Аймақтың бас министрі Гималай баурайындағы өңірдің үстінен тікұшақпен өтіп, қиын ахуалмен танысты. Оның сөзінше, зардап шеккен отбасыларға мемлекет тарапынан көмек беріледі.
Тасқынға бірнеше күн бойы жауған жаңбыр себеп болды. Топан су елдің теріскейі мен оңтүстігінде мыңдаған гектар егістік алқабына да орасан зиянын тигізді.
Арыстан Рысбек