Гватемалада вулкан құрбандарының саны 109-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гватемалада вулкан құрбандарының саны 109-ға жетті

08.06.2018

Гватемалада жанартау атқылағанда қаза тапқан адамдардың саны 109-ға жетті. Із-түзсіз жоғалып кеткен 197 адам әлі табылған жоқ. Қолайсыз ауа райы мен вулканға жақын жерде ыстық температураның сақталуынан бүгін құтқару-іздеу жұмыстары уақытша тоқтады. 12 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Жалпы, «отты тау» деп аталып кеткен Фуэго вулканынан жексенбіде ыстық лаваның тарауы 1 млн. 71 мың адамға ықпал етті. Уақытша паналарда тұрып жатқан адамдарға үкіметтік емес ұйымдар мен жеке тұлғалар барынша жәрдемдесіп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу