Өткен тәулікте 1683 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1683 адамнан коронавирус анықталды

20.10.2021

Өткен тәулікте елімізде 1683 адамнан коронавирус анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше емделіп жатқан 633 адамның жағдайы ауыр, ал 170 науқастың халі өте ауыр. Ал бұған дейін «жасыл» аймақта болған Қызылорда облысы «сары» деңгейге өтті. Қалған өңірлердегі эпидахуал мынадай: «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. Қауіптің сары деңгейіндегі аймақтар- Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары. Өзгелері «жасыл» аймақта.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу