Украина індеттің төртінші толқынымен күресіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина індеттің төртінші толқынымен күресіп жатыр

19.10.2021

Украина індеттің төртінші толқынымен күресіп жатыр. Вирус жұқтырғандар саны соңғы тәулікте 15 мыңнан асқан. 538 адам қайтыс болды. Ел билігі коронавирусқа қарсы егу шараларына екпін салуда. Вакцинаның алғашқы дозасын алған адам саны 8 млнға жеткен, бірақ бұл - халықтың тек 15 пайызы.

Украинаның «қызыл аймаққа» енген 5 облысында карантин тәртібі күшейтілді. Кәсіпкерлік нысандардың қызметкерлері 100 пайыз екпе алса ғана жұмыс істемек. Аймақаралық жолаушы тасымалдаушылар үшін де жаңа ережелер бекіді.

21 қазаннан бастап көлік жүргізушісі мен жолаушыларда ковид сертификаты болуы шарт. Ал халықаралық автожол, әуе тасымалы, теміржолмен қатынайтын жолаушылардан экспресс тест немесе екпе алғаны туралы құжат талап етілмек. Эпидемиологиялық ахуал ушыға берсе, локдаун қайта орнайды,  деп мәлімдеді ел президенті.


Хабарламаларға жазылу