Бүгін Алматыда отандық онкологиялық қызметтің дамуына зор үлес қосқан профессор, Қазақстандағы клиникалық Радиобиологияның негізін қалаушылардың бірі Сайым Балмұхановтың құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Сайым Балмұханов - отандық медицинаға үлкен жаңалық әкелген көрнекті ғалым. Атақты академиктің басшылығымен онкологиялық науқастарды сәулемен емдеуге арналған алғашқы клиникалық база құрылған. "Бүгінгі игі шараның мақсаты - қазақ медицинасының ғылыми бағытын дамытқан дарынды дәрігердің ерен еңбегін ұмытпай, есімін жаңғырту",- дейді жиналғандар.
Жеткерген Арзықұлов, Медицина ғылымдарының докторы, профессор:
Еліме қызмет еткім келеді, мен осы елімнің туын көтергім келеді деп еңбек етті. Ғалым ретінде биіктік, міне, соған жететіндер көп емес. Соның бірі - осы біздің Сайм ағамыз. Ғылымның шешілмеген сұрағы - халықтың денсаулығын жақсарту. Өткен ғасырда көп сұрақ түсініксіз болды. Оған жүрек керек. Оған ақыл керек.
Жазира Оразқызы